2026 жылғы 8 сәуір күні «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебінде
«Ғылым мен технологияның жаратылыстанудағы инновациялық мүмкіндіктері»тақырыбында қалалық семинар өтті.
🎯 Семинардың мақсаты:
Жаратылыстану пәндерінде ғылым мен заманауи технологияларды тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру және педагогтар арасында тәжірибе алмасу.
👩🏫 Семинарға «BILIM QAZYNA» КММ әдіскері А.С. Садықова, мектеп директоры А.А. Тажимишев, мектеп әкімшілігі және қала мектептерінің химия, биология, география пәні мұғалімдері қатысты.
🔬 Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
* Химия – заманауи зертханалық құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін көрсететін практикалық жұмыстар
* География – сабақта жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары
* Биология – цифрлық және зертханалық инновацияларды қолдану тәсілдері
💡 Семинар соңында қатысушылар Mentimeter платформасы арқылы кері байланыс жасап, заманауи технологияларды қолдану бойынша өз пікірлерін білдірді.
✨ Мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісіне жаңа идеялар енгізуге мүмкіндік береді.





