Мұғалімдерді аттестаттау

16.03.2026

Аттестациялық комиссия отырысы

Бүгін мектебімізде аттестациялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында педагог-модератор біліктілік санатына үміткер педагогтер комиссия мүшелерінің алдында өздерінің кәсіби жетістіктері мен педагогикалық тәжірибелерін таныстырып, баяндама жасады. Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды қарап, педагогтердің кәсіби жетістіктерін, оқу-тәрбие үдерісіндегі нәтижелерін жан-жақты саралады. Аттестация мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға, педагогикалық шеберлігін дамытуға және білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды кезең. Барлық […]

Толығырақ

3.01.2026

📚 Бүгін мектебімізде “Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары” тақырыбында оқу семинары өтті.

📚 Бүгін мектебімізде “Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары” тақырыбында оқу семинары өтті. Семинар барысында оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Баймишева және өткен оқу жылында аттестациядан сәтті өткен педагогтер Э.Қарабаева, Ф.Күлімбет, А.Есболсын өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестердің сауалдарына жауап беріп, “ҰСТАЗ” платформасына құжаттарды дұрыс жүктеу бойынша әдістемелік көмек көрсетті. 🔎 Жиын мазмұнды өтіп, педагогтер үшін маңызды ақпаратқа […]

Толығырақ