Қауіп қайдан? Қаржылық алаяқтық пен құмар ойындардан сақ бол!

Өткізілген уақыты: 29 қыркүйек 2025 ж.

«Қауіп қайдан? Қаржылық алаяқтық пен құмар ойындардан сақ бол!» тақырыбында іс-шара өтті.

Қатысушылар: 9–11 сынып оқушылары (сағ. 11:00),

7–8 сынып оқушылары (сағ. 15:30) 

Мақсаты:  оқушыларға қазіргі заманда кең таралған қаржылық алаяқтық түрлері, онлайн құмар ойындарының қауіптілігі және олардың салдары туралы түсінік беру. Жеке мәліметтерді қорғау, саналы қаржылық сауаттылықты қалыптастыру және киберқауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін арттыру.

Өту барысы: 

Іс-шара тренинг және ақпараттық әңгіме түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар бейнероликтер арқылы алаяқтық схемаларымен танысып, нақты өмірлік мысалдар талданды. Топтық тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы балалар белсенділік танытты. Сонымен қатар, оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, тақырып аясында рефлексия өткізілді.

Қорытынды: 

Оқушылар қаржылық қауіпсіздік туралы өз пікірлерін білдіріп, онлайн ойындар мен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ұғынды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.