Күні: 12.12.2025
Қатысқандар: 9–10–11 сынып қыз оқушылары
Тақырыбы: «Үлгілі үйдің қыздары» – ерте жүктіліктің алдын алу
1. Тренингтің мақсаты
- Қыздарды ерте жүктіліктің алдын алу, өмірлік құндылықтар мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
- Өзін-өзі бағалауды және жеке қасиеттерін дұрыс түсінуді дамыту.
- Сыртқы сұлулық пен ішкі сымбаттылық арасындағы байланысты түсіндіру.
2. Тренинг әдістері мен жаттығулары
- «Әрдайым әдемі болу үшін…» – аяқталмаған сөйлем арқылы өз ойларын жеткізу.
- «Өмір балансы» – өмірлік приоритеттер мен жауапкершілікті талқылау.
- «Қайшы» жаттығуы – қауіпті немесе зиянды әдеттерді ажырату.
- «Ақ қағаздағы айырмашылық» – жеке ерекшеліктер мен құндылықтарды бағалау.
3. Қорытынды
- Тренинг нәтижесінде қыздардың ақпараттық және психологиялық дайындығы артты.
- Өзін-өзі бағалау, жауапкершілік сезімі мен өмірлік құндылықтарға деген түсінік нығайтылды.
- Алдағы уақытта тренинг материалдарын сабақта қолдану ұсынылды.