Ұйымшыл ұжым-таза аула

Қысқы каникулдың алғашқы күнінде мектебіміздің ер азаматтары бірлесе отырып, мектеп ауласын қардан тазартты. Бұл-жай ғана еңбек емес, бұл-ұйымшылдықтың , жауапкершіліктің және ортақ іске жанашырлықтың көрінісі. Осындай ауызбіршілік бар жерде мектеп те, шәкірт те алға басады. Еңбектеріңізге рахмет, ағайлар! Бірлікпен атқарған іс әрдайым берекелі болсын!