Әдістемелік кеңес 26.03.26
Мектебімізде кезекті Әдістемелік кеңес отырысы өткізіліп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды.
Кеңес барысында 4-сынып оқушыларының логикалық даму деңгейі мен социометрия әдісін жүргізу нәтижелері талданып, оқушылардың танымдық және әлеуметтік дамуына қатысты қорытындылар ұсынылды.
Сонымен қатар, аттестатталушы мұғалімдердің қызмет нәтижелері талдамалық тұрғыда жинақталып, олардың кәсіби жетістіктері мен алдағы жұмыс бағыттары қарастырылды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – педагог-зерттеуші біліктілік санатына үміткер педагогтерге портфолио құжаттарын жүктеу тәртібі бойынша нұсқаулық беру болды. Педагогтерге қажетті құжаттарды рәсімдеу және жүйеге енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әдістемелік кеңес барысында аталған мәселелермен қатар білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен міндеттер белгіленді.



