Әдістемелік кеңес

Əдістемелік кеңес отырысы өтті. Әдістемелік кеңес отырысында І жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің есептері тыңдалды. Мұғалімдерді аттестаттау ережелері түсіндіріліп, педагогтердің кәсіби дамуына қатысты маңызды бағыттар талқыланды. Сонымен қатар әдістемелік бірлестіктердің ІІ жартыжылдыққа арналған жұмысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Алдағы кезеңге нақты мақсаттар мен басым бағыттар айқындалды. Кеңес отырысы бірлескен жұмысты күшейтіп, білім сапасын арттыруға бағытталды.