⚜️Ақтөбе облысында 15 000-нан астам 9-сынып оқушысы математикадан алғашқы емтихан тапсырды
🧑🎓Ақтөбе облысында 9-сыныптың 15 573 оқушысы қорытынды аттестаттау аясында математика (алгебра) пәні бойынша алғашқы емтиханға қатысты.
Емтихан белгіленген тәртіпке сай, бұзушылықсыз және барлық талаптар сақтала отырып өткізілді.
9-сынып оқушылары үшін таңдауы бойынша пәндерден келесі жазбаша емтихандар 3 маусымда өтеді.
📆Сонымен қатар 11-сынып түлектері үшін қорытынды аттестаттау 2 маусымда басталады. Алғашқы емтихан Қазақстан тарихы пәнінен ауызша түрде өткізіледі.
Өңірде қорытынды аттестаттауды өткізу білім алушылардың білім деңгейін объективті бағалауға және оқу жылын сапалы аяқтауға бағытталған.














