⚜️Дәстүр мен ұрпақ сабақтастығы тоғысқан мекен

«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған қаладағы №82 мектепте көктемнің ең маңызды мерекелерінің бірі — Наурыз мейрамы кеңінен және салтанатты түрде аталып өтті.
🌿Бұл мереке қала тұрғындарын, педагогтерді, ардагерлерді, оқушылар мен ата-аналарды бір арнаға тоғыстырып, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
Қонақтар ұлттық мәдениеттің байлығын сезініп, қазақтың кең пейілді қонақжайлығын көрді, наурыз-көже мен бауырсақтан дәм татты, ұлттық ойындар мен көңілді билерді тамашалады. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрдің терең мәнін ашатын салт-дәстүр көрінісі мерекеге ерекше рең берді.
🌞Бұл күн барша қатысушыларға жылулық, қуаныш және бірлік сезімін сыйлады.