✨ Бірлескен жұмыс – сапалы нәтиженің кепілі! 🚀  

📢 «ҚМЖ, формативті бағалау және БЖБ/ТЖБ: мазмұн бірлігі мен сәйкестігі» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинардың үшінші сабағы өткізілді. 👩‍🏫👨‍🏫

Сабақ барысында педагогтер қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрылымын жетілдірумен қатар, формативті бағалаудың тиімді тәсілдеріне ерекше тоқталды. Әсіресе, сабақ барысында оқушылардың оқу жетістіктерін дер кезінде анықтау, кері байланыс беру және бағалау критерийлерін нақты құру мәселелері тәжірибе жүзінде қарастырылды. 📚✨

Сонымен қатар, ҚМЖ, формативті бағалау және БЖБ/ТЖБ тапсырмаларының өзара мазмұндық бірлігі мен сәйкестігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Мұғалімдер тапсырмаларды сабақ мақсаттарымен үйлестіру, бағалау жүйесін жүйелеу бағытында өзара тәжірибе алмасты. 📝📊

🔍 Бұл семинар – педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам!
✨ Бірлескен жұмыс – сапалы нәтиженің кепілі! 🚀