🌍 Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакциясына орай мектеп директоры бастаған ер мұғалімдер тобы қаланың орталығында орналасқан Әбілхайыр хан даңғылында сенбілікке шықты.
🌱 Мектебіміздегі абаттандыру жұмыстарын аяқтап қалғандықтан, енді қаламыздың көркеюіне де үлесімізді қосу – біздің ортақ міндетіміз деп білеміз.
🌳 Сенбілік барысында жол бойындағы жасыл аймақты тазалап, ағаш түбін әктеп, қоқысты жинадық.
🏫 Мектебіміздің ұжымы тек білім берумен ғана емес, қоғамға пайдалы іс-шараларға да белсене қатысады.
🤝 Барша қала тұрғындарын табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға шақырамыз.
🔖 #ТазаҚазақстан #Экология #Сенбілік #Ақтөбе








