🌞🏕️ «Балдәурен» жазғы лагерінің 8-күні

🌞🏕️ «Балдәурен» жазғы лагерінің 8-күні

Бүгін «Балдәурен» жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымдық күн өтті. Күн дәстүрлі түрде таңғы жаттығудан басталып, балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді. 🤸‍♀️✨

Одан кейін дәмді таңғы ас ішкен оқушылар кітапханаға барып, қызықты кітаптар мен ертегілер оқып, кітап әлеміне саяхат жасады. 📚📖 Балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі сергіту ойындары ұйымдастырылып, олар белсенді түрде қатысты. 🎲🎯

Күннің келесі бөлігінде балалар сүйікті мультфильмдерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерге бөленді. 🎬🍿

Сондай-ақ лагерь тәрбиеленушілері табиғат аясында пикникке шығып, таза ауада демалып, достарымен қызықты уақыт өткізді. 🌳🧺☀️

Балалар үшін бұл күн қуанышқа, жаңа әсерлерге және жарқын естеліктерге толы болды! 💚🏕️✨