🌳 BI Green экологиялық бастамасы аясында ағаш егу рәсімі

24 қазан 2025 жылы мектебіміздің алдында BI Group компаниясының қолдауымен BI Green экологиялық жобасы аясында ағаш егу рәсімі өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің 10–11 сынып ер балаларынан құралған белсенді оқушылар тобы қатысып, мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстарына ерекше үлес қосты.

Шараның мақсаты — оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау жауапкершілігін арттыру және жас буынды қоғамға пайдалы істерге жұмылдыру.

Көшет отырғызу барысында оқушылар бірлесе еңбек етіп, табиғатты қорғаудың маңызын тәжірибе жүзінде түсінді. Әр отырғызылған ағаш – ел ертеңіне қалдырылған жасыл мұра. 🌱✨