🌸✨ 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертіміз ерекше мазмұнда, жоғары деңгейде өтті! 🎉👏
Бұл кешті ұйымдастырған – мектебіміздің алғашқы 2026 жылғы түлектері 🎓🤍 Алғаш рет түлеп ұшқалы отырған бітіруші сыныптарымыздың бастамасымен өткен бұл шара – шынайы ризашылықтың, құрметтің және үлкен жүректің көрінісі болды 💐✨
Сахнада күй күмбірлеп 🎶🪕, әсем әндер шырқалып 🎤🎵, мың бұралған билер орындалып 💃🕺, хор әуелете ән салды 🎼🎙 – зал толы көрермен ерекше әсерге бөленді 👏😍
Әр номерде алғыс 🤍, әр сөзде жылулық ☀, әр сәтте мақтаныш сезілді 🔥🌟
Концерт барысында мектебіміздің директоры ұжымның бірқатар қызметкерлерін арнайы марапаттады 👏 Асхана қызметкерлері 🍲👩🍳, кіші қызметкерлер 🧹✨ және медицина қызметкерлерінің 🩺💊 еңбегі ерекше атап өтілді. Бұл марапат – жай ғана рәсім емес, бұл олардың күнделікті адал еңбегіне берілген нақты баға 💯🙌 Біз олардың еңбегін көреміз, бағалаймыз 🤝, құрметтейміз 🌷 және шын жүректен алғыс айтамыз 🙏❤️
Бұл кеш – бірліктің 🤝, сыйластықтың 🤍, ортақ еңбектің 💪 мерекесі болды 🎊 Осындай ұйымшыл ұжым 👏, белсенді түлектер 🎓🔥 мен дарынды оқушылар 🌟 барда мектебіміздің болашағы нық әрі жарқын екеніне сенімдіміз 🚀✨
Алғыс айту күні құтты болсын!🌸










































