🌿 Амал келді – Жыл келді! 🌿 

🌿 Амал келді – Жыл келді! 🌿
Наурызнама онкүндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күні мерекесіне орай мектебіміздің ұжымы облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі және әдістемелік бөлім ұжымдарына арнайы барып, ұлттық дәстүрге сай көрісіп, ақжарма тілектерін жеткізді. 🤝
Көрісу күні – халқымыздың ғасырлардан жалғасқан ізгі дәстүрі. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандық сұрасып, өткенге шүкір айтып, алдағы күндерге ақ тілек арнайды. 🌿
Ізгі ниетке толы бұл кездесудің мақсаты ел ертеңін тәрбиелеп отырған білім саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне алғыс білдіру. 📚✨
🌸 Ұлт болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан білім саласында еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерге шығармашылық табыс, еңбектеріне береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз.
🌞 Амал келді – Жыл келді!
Көрісу күні құтты болсын! 🌿