🌿 Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні 🇰🇿

🌿 Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні 🇰🇿

Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күндердің бірі. Бұл күн – ата-бабамыздан мұра болып қалған асыл құндылықтарды ұлықтап, ұлттық болмысымызды айшықтай түсетін маңызды мереке ✨

👘 Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, ол – халқымыздың тарихы, танымы мен рухының көрінісі. Әрбір ою-өрнек, әрбір нақыш терең мағынаға ие, ұлттың өткені мен бүгінін байланыстырып тұрған алтын көпір.

🌟 Осы күнге орай оқушылардың ұлттық киім киіп келуі – ұлттық мәдениетке деген құрметтің, елге деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі. Бұл – жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, салт-дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелейтін игі бастама.