Мектебімізде оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жүргізілді. Бақылау барысында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, олардың сақтау талаптарының сақталуы және санитариялық нормалардың орындалуы қадағаланды.
Бақылауға Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ж.Құлманов және Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы М.О.Қосымбаева қатысты.
Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету – басты назарда.










