29 желтоқсан тарих пәнінің зерттеуші мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұстаздар арасында «Арт-терапия: жан тыныштығының негізі» тақырыбында шебер класс өтті. Шара барысында қатысушылар арт-терапия элементтері сурет салу,құм терапиясы,ермек сазбен жұмыс арқылы
ішкі күйді сезіну, эмоциялық күйзелісті төмендету, шығармашылық арқылы жан дүниені тыныштандыру жолдарымен танысты. Бұл шебер класс ұстаздар үшін тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, өз-өзіне көңіл бөлуге, рухани демалуға, әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Қатысқан әріптестерге белсенділігі мен жылы атмосфера үшін алғыс білдіреміз! Осындай пайдалы әрі мағыналы кездесулер алда да жалғасын табады деп сенеміз. Жан тыныштығы – шығармашылықтан басталады.
Ұйымдастырушылар: Н.К Аязбаева
Э.Б Тоймаганбетова
Г. Т Толеуканова
К.М Нұрмағанбетова
Г. Т Жұмағалиева












