📚 Бүгін мектебімізде ерекше шара өтті!  

Бүгін мектебімізде ерекше шара өтті!

“Келешек мектептері” жобасы аясында ұйымдастырылған “Біртұтас команда — жайлы мектеп” тақырыбындағы семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, Өрлеу” БАҰО Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Джумагазина Гульзада Газизовна ұстаздарымызға тиімді командалық жұмыс дағдыларын дамыту, командалық рухты қалыптастыру және мектеп ішінде бірлік пен ынтымақтастықты нығайту жолдарын көрсетіп, құнды тәжірибе бөлісті.

Семинардың мақсаты:

Командалық жұмыс дағдыларын жетілдіру.

Ұжым ішінде бірлікті нығайту.

Мектептің жайлы әрі тиімді жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Мұндай тренингтер мектеп ұжымының үйлесімді жұмыс істеуіне және білім беру сапасын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Барша мұғалімдерімізге жаңа дағдылар мен мотивация беретін шараны ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз!