«Өрлеу» кәсіби даму институтының әдістемелік күні Бүгін мектебімізде «Келешек мектептері» жобасы аясында маңызды әдістемелік жұмыс жүргізілді. Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» кәсіби даму институтының бөлім меңгерушісі Бухарбаев Болат Қайроллаұлы келіп, мұғалімдерге құнды әдістемелік қолдау көрсетті. Ұстаздар бірнеше топқа бөлініп, өз бағыттары бойынша тәжірибе алмасып, тиімді педагогикалық тәсілдерді қарастырды:
“Жетістік” тобы Тақырыбы: Мемлекеттік кәсіби қоғамдастық. Lesson Study – тәлімгерлік.
“Бірлік” тобы Тақырыбы: Жайлы мектеп моделі: қауіпсіз, инклюзивті және қолайлы орта қалыптастыру.
“Мақсат” тобы Тақырыбы: Бағалау мен кері байланыс мәдениеті. Осындай пайдалы кездесулер ұстаздардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және мектептің білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосады.












