📚 Бүгін мектепте 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған педагогикалық кеңес өтті.
Кеңес барысында IV тоқсан мен оқу жылының білім сапасы сараланып, аралық емтихан нәтижелері қорытындыланды. Сонымен қатар, 5–8, 10 класс оқушыларын келесі класқа көшіру, үздік оқушыларды марапаттау мәселелері қаралды.
Жас мамандар мен тәлімгер педагогтердің атқарған жұмыстары, «Үздік жас маман» конкурс марафонының нәтижелері және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілген түзету-дамыту жұмыстарының қорытындылары талқыланды.
Оқу жылының жемісті еңбегі сараланып, жаңа белестерге бағыт айқындалды✨








