«Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттік» (IQAA) жоспарына сәйкес 16 сәуір күні №82 жалпы білім беретін орта мектепке агенттік өкілдері келді. 🏫 Мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы сарапшыларды қарсы алып, мектептің жалпы қызметімен таныстырды.
👩🏫 Келген сарапшылар – Байшагирова Аманкүл Примжаровна және Мукалыкова Бибігүл Жасқайратовна – мектеп әкімшілігімен танысып, мұғалімдермен, мамандармен және оқушылармен сұхбаттасты. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оқу процесімен танысты. 📖
✨ Оқушылардың білім алу жағдайы, қосымша үйірмелер мен секциялардың ұйымдастырылуы, балалар үшін қауіпсіз ортаның болуы сарапшылар назарында болды. 🛡️ Мектеп ғимаратын аралап көрген сарапшылар материалдық-техникалық базаны жоғары бағалады. ⚙️











