📢 «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» айлығы
2026 жылдың 24 ақпан – 24 наурыз аралығында өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында мектебімізде бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
📚 04.03.2026 – 05.03.2026 күндері 5–11 сынып оқушылары арасында «Туберкулез — инфекциялық жұқпалы ауру» тақырыбында танымдық диктант жазу жұмыстары өткізілді.
Диктант барысында оқушыларға:
✔️ туберкулез ауруының алдын алу жолдары,
✔️ жұғу жолдары,
✔️ аурудың пайда болуына ықпал ететін факторлар,
✔️ және анықтау тәсілдері туралы маңызды ақпараттар түсіндірілді.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулық мәдениетін арттыру, қауіпті аурудың алдын алу туралы білімдерін кеңейту және салауатты өмір салтын насихаттау.











