📢 Облыстық семинар-практикум мектебімізде!

Бүгін мектебімізде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша КДИ-мен бірге «Информатика пәнін оқытудын заманауи тәсілдері: Python, STEM, жасанды интеллект жэне робототехника» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар барысында информатика пәнін окытудың жаңа әдістері талқыланып, заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізудің маңызы көрсетілді. Python бағдарламалау тілін меңгертудің тиімді жолдары, STEM негізінде пәнаралык, байланысты дамыту және жасанды интеллектті білім беруде қолдану бойынша тәжірибе жургізілді. Әріптестеріміз өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру бағытында пікір алмасты.  Бұл шара мұғалімдердің  кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етті.