Бүгін 27-ші ақпан күні, Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия ұжымының мұғалімдері мен оқушылары 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында мектебімізге арнайы келіп, №82 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымын мерекемен шын жүректен құттықтады. 🎉🤝
Ұстаздар мен оқушылар қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🇰🇿✨ Қолдарына ұлттық аспап — домбыра ұстап, күмбірлете күй тартып, әсем әндер орындады. 🎶🎵 Домбыраның қоңыр үні мен оқушылардың шынайы дауысы жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды. 👏💛
Сонымен қатар, олар мектеп аумағын аралап, ұжым мүшелеріне ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік лебіздерін жеткізді. 🌷 Бұл бастама тек бір мектеппен шектелмей, қала мектептерін аралау арқылы жалғасын тапқаны қуантады. 😊 Мұндай тағылымды шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, құрмет пен алғыс айту мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз. 🇰🇿💫
Аталған іс-шара екі мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық пен достықты нығайтып, қарым-қатынасты одан әрі бекемдей түседі деп сенеміз. 🤝✨
Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұжымына шынайы ризашылығымызды білдіре отырып, игі істеріне табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілейміз.

























