2 сәуір – Халықаралық балаларға арналған кітап күні

    2 сәуір – Халықаралық балаларға арналған кітап күні.

«Ертегі еліне саяхат» Сурет байқауы ұйымдастырылды.                  

Мақсаты: Сурет салу арқылы,балалардың қазақ ертегілерін оқуға деген зейінін ашу. 

•Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

•Қиялын, ой-өрісін кеңейту арқылы ертегі әлеміне деген қызығушылығын арттыру;

•Сурет салу арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру;

•Балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы кітап оқуға ынталандыру;

•Ұлттық және әлемдік ертегілерді насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу.

Байқауға қатысушылар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін немесе ертегі желісі бойынша көріністерді сурет арқылы бейнеледі. Әр жұмыс баланың қиялы мен шығармашылығын айқын көрсетті. Үздік жұмыстары үшін арнайы алғыс хаттармен марапаттар.