Шара мектеп директорының педагогтарды төл мерекелерімен құттықтауымен басталып, өз жалғасын әсерлі әндермен, көркем билермен және жүректен шыққан өлең-жырлармен тапты. Ұстаздық жолдың мәртебесін айшықтаған концерт барысында зал ерекше көңіл күйге бөленді.
Мерекеге орай бірқатар ұстаздарға мадақтау қағаздары табысталып, олардың кәсіби еңбектері лайықты бағаланды. Қуанышты сәтте марапат иелері өз алғыстарын білдіріп, ұжымды толғанысқа толы жылы эмоциялар кернеді.
Концерттің шарықтау шегі – ер мұғалімдерден құралған шығармашылық топтың «Ұстазым» әнін хормен орындауы болды. Бұл орындау кештің мазмұнын тереңдетіп, көрерменге ерекше әсер қалдырды.









