Қараша айында №82 жалпы білім беретін мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында Филлипстің мазасыздықты анықтауға арналған тестінің модификациясы жүргізілді.
🧠 Зерттеу мақсаты – оқушылардың мектептегі бейімделу кезеңіндегі эмоционалдық тұрақтылығы мен мазасыздық деңгейін анықтау.
📊 Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың мазасыздық көрсеткіштері сараланып, нәтижелері сынып жетекшілеріне таныстырылды. Қажет оқушылармен психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.
✅ Бұл зерттеу – оқушылардың психоэмоционалдық ахуалын қолдап, оқу ортасына сәтті бейімделуіне мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.



