9-сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды

📚✍️ 8 маусым күні 9-сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды.

Емтихан барысында білім алушылар оқу жылы бойы меңгерген білімдері мен дағдыларын көрсетіп, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. 📖✨

Сонымен қатар, емтихан талапқа сай ұйымдастырылып, академиялық адалдық қағидалары толық сақталды.

Білім алушыларымызға жоғары нәтиже, сәттілік және алдағы білім жолында толағай табыстар тілейміз! 🌟🎓