📅 Бүгін мектебімізде 11–13 жастағы балалар арасында адам папиллома вирусының (АПВ) алдын алу және вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру мақсатында ата-аналар мен педагог қызметкерлердің жиналысы өтті.
👩⚕️👨⚕️ Жиналысқа №2 қалалық көп салалы ауруханасы мамандары – эпидемиолог Князов Ж.Т., гинеколог Зейнова А.Е. және психолог Шакизадаева А. қатысты.
🔎 Кездесу барысында:
✔ АПВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары;
✔ Вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі;
✔ Жасөспірімдер денсаулығын қорғаудың маңыздылығы;
✔ Ата-аналарды толғандырған сұрақтарға нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар талқыланды.
💬 Ашық форматта өткен жиын ата-аналар мен ұстаздарға маңызды ақпарат беріп, балалар денсаулығын сақтаудағы ортақ жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.
👨👩👧👦 Балалардың денсаулығы – жарқын болашақтың кепілі!







