Талғат Әділет Талғатұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Өмірбаян

Талғат Әділет Талғатұлы, 1994 жылы, қараша айының 19-ы  Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосында дүниеге келді. 

информатика пәні мұғалімі, жоғары білімді маманмын.

2016 жылы Сақтаған Байішев атындағы университеттің «Экология» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде білім алды. 2021 жылы Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2016 жылы кіші қызметкер ретінде бастады. 2017–2018 жылдары қосымша білім беру педагогі қызметіне ауысты. 2018–2021 жылдар аралығында экология пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебі » КММ-де информатика пәні мұғалімі қызметін атқарып келді.

Қазіргі таңда «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және информатика пәні болып қызметте.

Педагогикалық қызметінде оқушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдануға ерекше көңіл бөледі. Сыныпты басқару, оқу жоспарын әзірлеу, ғылыми жобалармен жұмыс жүргізу, ата-аналармен ынтымақтастық орнату бағыттарында тәжірибесі мол.

Жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, өз ісіне талапшыл, ұжыммен бірлесе жұмыс істей алатын маман.