Аттестациялық комиссия отырысы

Бүгін мектебімізде аттестациялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында педагог-модератор біліктілік санатына үміткер педагогтер комиссия мүшелерінің алдында өздерінің кәсіби жетістіктері мен педагогикалық тәжірибелерін таныстырып, баяндама жасады.

Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды қарап, педагогтердің кәсіби жетістіктерін, оқу-тәрбие үдерісіндегі нәтижелерін жан-жақты саралады.

Аттестация мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға, педагогикалық шеберлігін дамытуға және білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды кезең. Барлық үміткер ұстаздарға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!