Әдістемелік кеңес

Бүгін мектебімізде әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды. Кеңес барысында бастауыш сынып пәндері онкүндігінің, мектепалды даярлық тобының, сондай-ақ информатика, физика және математика пәндері апталығының қорытындысы тыңдалды, әдістемелік ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, тәлімгер ұстаздардың жас мамандармен жүргізген әдістемелік жұмыстарының нәтижелері таныстырылып, олардың кәсіби дамуына бағытталған тәжірибелер ортаға салынды.

Әдістемелік кеңес ұстаздардың тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісетін, білім беру сапасын арттыруға жол ашатын маңызды алаң.

Бірлесе жұмыс істеу табысты нәтижеге бастайды!