Үлгілі үйдің қыздары» – ерте жүктіліктің алдын алу

 Күні: 12.12.2025
Қатысқандар: 9–10–11 сынып қыз оқушылары

Тақырыбы: «Үлгілі үйдің қыздары» – ерте жүктіліктің алдын алу

1. Тренингтің мақсаты

  • Қыздарды ерте жүктіліктің алдын алу, өмірлік құндылықтар мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
  • Өзін-өзі бағалауды және жеке қасиеттерін дұрыс түсінуді дамыту.
  • Сыртқы сұлулық пен ішкі сымбаттылық арасындағы байланысты түсіндіру.

2. Тренинг әдістері мен жаттығулары

  1. «Әрдайым әдемі болу үшін…» – аяқталмаған сөйлем арқылы өз ойларын жеткізу.
  2. «Өмір балансы» – өмірлік приоритеттер мен жауапкершілікті талқылау.
  3. «Қайшы» жаттығуы – қауіпті немесе зиянды әдеттерді ажырату.
  4. «Ақ қағаздағы айырмашылық» – жеке ерекшеліктер мен құндылықтарды бағалау.

3.  Қорытынды

  • Тренинг нәтижесінде қыздардың ақпараттық және психологиялық дайындығы артты.
  • Өзін-өзі бағалау, жауапкершілік сезімі мен өмірлік құндылықтарға деген түсінік нығайтылды.
  • Алдағы уақытта тренинг материалдарын сабақта қолдану ұсынылды.