«Үлкен арман – үлкен жетістік» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – түлектердің өз армандарын айқындауына көмектесу, болашаққа сеніммен қадам басуына мотивация беру және жеке тұлғалық дамуына ықпал ету.
Іс-шара барысында оқушылар «Арман картасы», визуализация, өзін-өзі тану сияқты жаттығуларды орындады. Бұл тапсырмалар арқылы олар өздерінің ішкі ресурстарын ашып, болашаққа деген көзқарастарын нақтылады. Әр оқушы өз арманы мен мақсатын жүйелеп, оған жету жолдарын ой елегінен өткізді.
Тренинг нәтижесінде оқушылар арман мен мақсаттың арасын байланыстыратын негізгі факторлар – нақты жоспар құру, табандылық, еңбекқорлық және өз-өзіне деген сенім екенін түсінді. Сонымен қатар, олар алға қойған мақсаттарына жету үшін жауапкершілік пен тұрақтылықтың маңызын ұғынды.
Аталған тренинг оқушылардың өзіндік бағасын арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтуға оң әсерін тигізді.