Мен саған сенемін

 Тақырыбы: “Мен саған сенемін”

2026 жылғы 30 қаңтар күні мектепте «Мектеп – оқушы – ата-ана: заң, тәртіп және цифрлық ортадағы бірлескен тәрбие» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың тәртібін нығайту, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қазіргі цифрлық ортада қауіпсіз және жауапты мінез-құлық қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың өзара ынтымақтастығын күшейту болды.

Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • Оқушылардың мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы;
  • Қазақстан Республикасының білім беру және бала құқықтары туралы заңнамалары аясында ата-аналар мен оқушылардың міндеттері;
  • Интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, кибербуллингтің алдын алу;
  • Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу.

Сонымен қатар, ата-аналарға баланың тәрбиесінде үлгі көрсету, бақылау мен қолдау арасындағы тепе-теңдікті сақтау, баламен ашық қарым-қатынас орнату жөнінде кеңестер берілді.

Жиналыс аясында оқушылар мен ата-аналар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Мен саған сенемін» атты тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты – сенімділік атмосферасын құру, өзара қолдау көрсету дағдыларын дамыту, жағымды ойлау қабілетін арттыру болды. Қатысушылар тренинг барысында бір-біріне жылы сөздер айтып, сенім білдіру арқылы эмоционалдық жақындасуға мүмкіндік алды.

Жиналыс қорытындысында мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс одан әрі нығайып, оқушылардың жан-жақты дамуына бірлескен жауапкершілік қажеттілігі атап өтілді.