Өткізілген күні: 05.03.2026
Қатысушылар: 9–10 сынып қыздары
Іс-шара тақырыбы:
«Үлгілі үйдің қыздары» тәрбиелік кездесу
Жауапты мамандар:
Психолог -тәлімгер,
Мектеп медбикесі – Абайбек Ақжайық Абайбекқызы
Каденова Асемгуль Дайыровна
Іс-шараның мақсаты:
– Қыз балаларды ар-намысты, пәктікті, ішкі және сыртқы сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;
– Салауатты өмір салтын насихаттау;
– Зиянды әрекеттердің адам өміріне қауіпті екенін түсіндіру.
Іс-шараның өту барысы:
9–10 сынып қыздарына арналған тәрбиелік кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп психологы мен медбикесі қатысып, оқушылармен ашық пікір алмасу жүргізді.
Психолог қыздарға өзін-өзі бағалау, жеке шекараларды сақтау, дұрыс қарым-қатынас орнату туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, тұлғалық даму мен өз-өзіне деген сенімділікті арттыру жолдары талқыланды.
Мектеп медбикесі қыздарға жеке бас гигиенасы, денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық айтып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Кездесу мазмұнды, әсерлі әрі пайдалы өтті.
Қорытынды:
Іс-шара өз мақсатына жетті. Қыздар өздерінің тұлғалық дамуы, денсаулығы мен тәрбиесі жайында маңызды мағлұматтар алды.
Ұсыныстар:
– Қыз балаларға арналған тәрбиелік кездесулерді тұрақты түрде өткізу;
– Салауатты өмір салты мен жеке даму тақырыптарын жүйелі түрде насихаттау.