📚 Мектебімізде педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өтті
Педагогикалық кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындылары 📊 талқыланып, оқушылардың жетістіктері мен пәндік, тілдік олимпиадалардың нәтижелері сараланды 🏆
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысы 📝 және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Отырыс барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыру бағытында тиімді ұсыныстар білдірді 💡
Алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылып, бірлескен жұмыс жоспары айқындалды.
✨ Бір мақсат – сапалы білім, саналы ұрпақ тәрбиелеу!





