Мақат Жаналы Қабисұлтанұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мақат Жаналы Қабисұлтанұлы 1993 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген.

2011 жылы №33 орта мектепті тәмамдаған. 2011–2015 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім алып, «Информатика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2015 жылы №45 жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәні мұғалімі ретінде бастаған. 2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеген.

2016–2018 жылдары №60 жалпы білім беретін орта мектепте, 2018–2019 жылдары №21 мектеп-гимназиясында информатика пәні мұғалімі қызметтерін атқарған.

2020–2025 жылдары жеке оқу орталығында білім беру саласында еңбек еткен.

2025 жылдың сәуір айынан бастап №82 жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәні мұғалімі және инженер қызметтерін атқаруда.

2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (ДОІЖО) қызметін атқарып келеді.