🌿 Бүгін мектебіміз үшін ерекше, мәні зор күн болды! 🌸

 🌿 Бүгін мектебіміз үшін ерекше, мәні зор күн болды! 🌸

Мектебімізге Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы бастаған құрметті қонақтар Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы, Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы, Дүйсенова Айгүл Егізбайқызы, Нұркеева Айгүл Маратқызы, Жәлімбетова Раушан Аманқосқызы, Ілиясова Әсем Бақытқызы, Ізбасов Боран Оңғарұлы арнайы келіп, мектеп ауласына алма ағаштарының көшеттерін отырғызды 🌳🍎

Бұл игі іс – табиғатты аялауға, жасыл ортаны көбейтуге бағытталған жарқын бастама болды. Осындай маңызды шараға қолдау көрсетіп, үлгі болғандарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз 🤝💐

Біз өз кезегімізде отырғызылған ағаштарды күтіп-баптап, олардың жайқалып өсуіне бар күшімізді саламыз 🌱✨

Жасыл желекке толы, көрікті мектеп ауласын бірге қалыптастырайық! 💚🌍