🌿🤝 Ынтымақтастық – игі істердің бастауы!
Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі мен №82 жалпы білім беретін орта мектебі арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды 📄✨
Осы келісім аясында мектебіміздің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы техника көмегімен жер жыртылды 🚜🌱
Сонымен қатар, мекеме тарапынан 20 түп алма ағашы 🍎🌳 және 10 түп аққайың 🌿 сыйға тартылды.
Бұл бастама – табиғатты қорғау, көгалдандыру және оқушыларға экологиялық тәрбие беру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі 💚♻️
Алдағы уақытта отырғызылған ағаштарды күтіп-баптап, олардың жайқалып өсуіне үлес қосатын боламыз 🌳💧
Осындай игі іске қолдау көрсеткен мекеме ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз 🙏✨



