Бірлік пен қолдау – баланың жарқын болашағы

«Бірлік пен қолдау – баланың жарқын болашағы» тақырыбында үй жағдайында білім алушыларға өткізілген іс-шара

Мектебімізде үй жағдайында білім алатын оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Бірлік пен қолдау – баланың жарқын болашағы» тақырыбында психологиялық-педагогикалық қолдауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – үйде оқытылатын білім алушыларға көрсетілетін қолдау жұмыстарын күшейту, арнайы мамандар, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту болды.

1.Топтардың таныстыруы (топтың атауы,девизі )

2.Зейінін шоғырландыру (нейро жаттығу,биоэнергопластика). Бұл бөлімде қатысушылардың ойы мен зейінін бір арнаға тоғыстыру мақсатында нейрожаттығулар мен биоэнергияпластика элементтері орындалады. Жеңіл әрі қызықты қимыл-қозғалыстар арқылы ми қызметі белсендіріледі, ішкі үйлесімділік қалыптасады. Қатысушылар сергіп, келесі тапсырмаларға дайындық жасайды.

3.Аяқталмаған сурет — әр топқа А3 форматындағы жартылай салынған суреттер ұсынылады. Қатысушылар өз қиялы мен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, суретті толықтырады. Бұл тапсырма – бірлескен жұмыстың, өзара түсіністіктің және шығармашылық ойлаудың көрінісі. Қатысушылар өз жұмыстарын таныстыры.

4.Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған тапсырма. Бұл кезеңде қатысушыларға макарон, түрлі дәнді дақылдар арқылы белгілі бір бейне немесе өрнек құрастыру ұсынылады. Ұсақ моториканы дамыту – баланың ойлау, сөйлеу және жазу дағдыларына оң әсер ететін маңызды жұмыс түрі. Тапсырма барысында қатысушылар шыдамдылық пен ұқыптылықтың маңызын сезінеді.

5.Қозғалмалы ойын. Қатысушылар тепе-теңдікті сақтай отырып, шариктерді арнайы стақандарға дәл түсіру тапсырмасын орындайды. Бұл ойын ептілікті, зейінді және үйлесімді қозғалысты талап етеді. Сонымен қатар, топ ішінде бір-біріне қолдау көрсету, бірлесіп әрекет ету дағдылары дамиды.

Рефлексия арт терапия .Шара соңында қатысушылар арт-терапия элементтері арқылы өз әсерлерін бейнелейді. Іс шарадан алған әсерін түрлі түстер мен бейнелер арқылы қағаз бетіне түсіреді. Бұл – ішкі сезімді сыртқа шығарудың, ойды жүйелеудің нәзік тәсілі.

Қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімен бөліседі. Жылы пікірлер, шынайы лебіздер ортада ерекше сенім мен жақындық атмосферасын қалыптастырады.