“BIG STARTS” III Республикалық шығармашылық фестивалінен қуанышты жаңалықпен оралдық! 🎉
Қосымша ақылы білім беру қызметі аясында жұмыс істейтін “Назқоңыр” би үйірмесі жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен жеңіске қол жеткізді 💃🕺
✨ Фестиваль қорытындысы бойынша:
🏆 Эстрадалық жанр
🏅 5–6 жас — БАС ЖҮЛДЕ («Снежинки» биі)
🏅 6–8 жас — БАС ЖҮЛДЕ («Құрбылар» биі)
🥇 9–10 жас — І орын (Қазақ биі)
🎫 БАС ЖҮЛДЕ иегерлері халықаралық деңгейде өтетін байқауға — Болгария еліне жолдама жеңіп алды! 🇧🇬
Бұл — жас бишілеріміздің еңбегі мен табандылығының айқын дәлелі. Өнерлі шәкірттерді жеңіске жетелеген жетекшіміз
👩🏫 Жумагалиева Жанна Сәрсенбайқызына зор алғыс білдіреміз.
Жас өнерпаздарымызға халықаралық сахнада ел намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыруды тілейміз! 🌟
Назқоңырмен бірге — үлкен өнерге қадам! ✨


