📢 Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

10 маусымнан бастап қаладағы барлық мектептерде 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау басталады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар ата-аналарға құжаттар пакетін алдын ала дайындап, өтініш беруді кешіктірмеу ұсынылады. Кейбір мектептерде сыныптардың толуына байланысты қабылдау ертерек аяқталуы мүмкін.

Назар аударыңыз: бала мектептің шағын ауданында тұрса да, сыныптардың толып кетуі қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.

🔹️Өтініш беру тәртібі
Өтініш электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы беріледі: eGov.kz

🔹️Қажетті құжаттар
✅ Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны). 2025 жылдан бастап бұл нысан eGov жүйесінде электронды форматқа ауыстырылған;
✅ Профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
✅ Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы — Психологиялық медициналық педагогикалық консультация.

1 — сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Қабылдаудан бас тарту себептері сыныптардың толып кетуі, ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыс болмауы немесе жалған болуы.

Жаз мезгілінде балабақшаға бармаған балаларды мектепке дайындау мақсатында мектептерде дайындық курстары ұйымдастырылады.

📞 Барлық сұрақтар бойынша 87783795032 (жауапты маман) нөміріне хабарласуға болады