Бүгін мектебімізде жүрекке жылылық сыйлаған, ерекше толқынысқа толы сәттердің бірі өтті 🤍 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кәсібилігімен, іскерлігімен және адамгершілік болмысымен ұжым құрметіне бөленген Мураталиева Индира Сериковнаны білім беру ұйымының басшысы лауазымдық қызметіне қимай шығарып салдық 🌟
Ол – білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп, әріптестеріне тірек, оқушыларға қамқор бола білген білікті басшы әрі шынайы жан. Ұжым арасында қалдырған ізі, сіңірген еңбегі мен жарқын естеліктері әрдайым жүрегімізде сақталады 💐
🌿 Құрметті Индира Сериковна!
Жаңа қызметіңіз құтты болсын! 🎉 Жолыңыз ашық, сәт сапарыңыз оң болсын! ✨ Әрдайым биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіз 🚀 Мықты денсаулық, зор жетістік пен абырой тілейміз 🌺
Сіз қалдырған ізгі із бен өнегелі жол ұжым жадында мәңгі сақталады 🤝
Ізгі тілекпен,
мектеп ұжымы 💙💐







