🌳«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Келешек мектептері» мектебінің оқушылары белсенділік танытып, игі іске өз үлестерін қосты.
Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебінің аумағында ұйымдастырылған шараға 300 оқушы қатысып, көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты.
Ата-аналардың қолдауымен мектепке әсем гортензия гүлдері сыйға тартылып, оқушылар оларды өз қолдарымен отырғызды.
Бұл – қоршаған ортаға деген жанашырлық пен бірліктің жарқын көрінісі.















