📍 Мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда.

📍 Мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда.
9-сынып оқушыларына РГП “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” Ақтөбе облысы филиалының мамандары — І санатты инженер Узакпаев Есет және ІІ санатты инженер Казиев Амангелді кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында жол құрылысы саласындағы мамандықтар, олардың қоғамдағы рөлі, еңбек нарығындағы сұраныс және осы бағытта білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды. Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, инженерлік мамандықтың жауапкершілігі мен артықшылықтарын атап өтті.
💡 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
🎯 Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.