Өткізілген күні: 14.11.2025ж
Қатысқандар: Н.Алмурзаева, А.Сазанбай, А.Мульдикешова, Ж.Спан, А.Әбдібек, Г.Жайлауова, А.Қазбекова, М.Ізбасар, А.Алимбаева, М.Нұрабекқызы, Г.Длекешова.
1. ЕББҚ оқушылармен жұмыста жүргізілетін құжаттар түрлерімен таныстыру
2. Құжаттардың толтырылу тәртібі мен мерзімдері
3. ПМПК қорытындысына сәйкес оқу бағдарламаларын жоспарлау
4. Жеке оқу жоспарын құрастыру және бағалау ерекшеліктері
5. Кеңес беру журналына тіркеу
Мектептің арнайы педагогтері логопед Кулданова Г., дефектолог Тұралиева А. ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылармен жұмыс жүргізудегі құжаттардың маңыздылығына тоқталды. Бұл құжаттар оқу процесін дұрыс ұйымдастыруға, оқушының жеке даму траекториясын бақылауға және қажетті түзету-дамыту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда:
– ПМПК қорытындысы негізінде оқушыны тіркеу – оқушының қандай бағытта қолдауға мұқтаж екенін анықтау және арнайы педагогикалық көмекті ұйымдастырудың алғашқы қадамы.
– Жеке оқу жоспары мен бағдарламасын құрастыру – оқушының даму деңгейі, қабылдау мүмкіндігі және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес бейімделген оқу мазмұнын ұсыну.
– Бақылау-диагностикалық парақтар – оқушының даму динамикасын, жетістіктері мен қиындықтарын үнемі бақылап отыру үшін.
– Сабақ кестесі – түзету-дамыту сабақтарын жүйелі және тиімді ұйымдастыру.
– Түзету-дамыту сабақтарының күнделігі – жүргізілген сабақ мазмұны, қолданылған әдіс-тәсілдер мен оқушының жетістіктерін тіркеп отыру.
– Ата-анамен жұмыс хаттамалары – ата-аналармен өткізілген кездесулер, кеңестер мен бірлескен әрекеттер туралы жазбалар.
– Жылдық қорытынды анықтама және мониторинг – жыл соңында оқушының даму нәтижесін саралап, келесі оқу жылына ұсыныстар беру.
Арнайы педагог бұл құжаттардың барлығы ЕББҚ оқушылардың сапалы білім алуына, олардың әлеуетін ашуға және тиімді педагогикалық қолдау көрсетуге негіз болатынын атап өтті.



