7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын! 💙🎖️
Бүгін мектебімізде Отан қорғаушылар күніне орай ерекше әсерлі мерекелік концерт ұйымдастырылды 🎉. №82 жалпы білім беретін орта мектебінің әйел мұғалімдері ер азаматтарға арнап әсем әндер шырқап 🎶, жүрекжарды тілектерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады 👏🌸.
Мереке аясында ер мұғалімдеріміздің еңбегі еленіп, бірқатар марапаттар табысталды 🏅:
✨ Облыстық білім басқармасынан алғыс хаттар
✨ Қалалық білім бөлімінен алғыс хаттар
✨ Қалалық кәсіподақ ұйымынан алғыс хаттар
Сонымен қатар, техникалық қызметкерлеріміз мектеп директоры атынан алғыс хатпен және 100 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды 💰👏.
Аталған марапаттар келесі әріптестерімізге табысталды:
🔹 Аязбаев Мейрамбек Изтаевич
🔹 Бөрібаев Қайрат Молдағалиұлы
🔹 Исенгилдин Казбек Нурмуханбетович
🔹 Князбаев Медет Сексенович
Бұл күн – ерлік пен батылдықтың, елге деген адалдықтың айқын көрінісі 💪🇰🇿. Ер азаматтарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз 🌟.
Мереке құтты болсын! 🎊














