⚜️ Ақтөбе облысында 84 888 оқушы қазақ тілі пәнінен емтихан тапсыруда
📚Ақтөбе облысының мектептерінде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың аралық аттестаттауы өтуде.
Емтиханды 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары тапсырады. Облыс бойынша аралық аттестаттауға барлығы 84 888 оқушы қатысуда.
Емтихан жазбаша және ауызша форматта ұйымдастырылған. Оқушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындайды.
🔰Аттестаттаудың негізгі мақсаты — оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, сондай-ақ оқу және жазу сауаттылығын бағалау.








